Тіліңізді таңдаңыз

«Талдықорғанжылусервис» ШЖҚКМК
Ресми интернет-ресурс
Жылу энергиясын тұтынушылардың назарына!

Жылу энергиясын тұтынушылардың назарына!

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті 2026 жылғы 24 шілдеде сағат 11:00-де Ұлттық жоба аясында «Талдықорғанжылусервис» ШЖҚ МКК-ның жылу энергиясын беру және тарату қызметтері бойынша тариф жобасы мен инвестициялық бағдарламасына өзгерістер енгізу туралы өтінімін қарау жөнінде жария тыңдау өткізеді.

Қала тұрғындарын, өзге де мүдделі тұлғаларды, ПИК өкілдерін және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін жария тыңдауға қатысуға шақырамыз.

Жария тыңдау өтетін мекенжай:
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 272, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Талдықорған қалалық филиалының ғимараты.