2026–2027 жылдардағы алдағы жылыту маусымына дайындық шаралары аясында 2026 жылы 10 маусымнан бастап Талдықорған қаласында Біржан Сал көшесінің Назарбаев және Жансүгіров көшелерінің аралығында жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты 2026 жылғы 10 маусым мен 25 шілде аралығында төмендегі нысандарда ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады:
• Көпқабатты тұрғын үйлер – 15:
Шевченко көшесі №127, 129;
Жансүгіров көшесі №98, 100, 102;
Біржан Сал көшесі №69, 73, 75, 87, 89, 102, 104, 104А, 114/118;
Назарбаев көшесі №87.
• Білім беру нысандары – 2:
№18 орта мектеп, Жолдасбеков атындағы институт.
• Балабақшалар – 1
• Жеке сектор – 3
• Өзге нысандар – 15
Сонымен қатар, аталған іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Қала тұрғындарынан қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысына қойылатын уақытша талаптарды сақтауды сұраймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!





